Кайдаров Рустем Есимханович Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің сот сараптамасы және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Генерал Кеңесі президиумының төрағасы

Кайдаров Рустем Есимханович

Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің сот сараптамасы және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Генерал Кеңесі президиумының төрағасы

1940 жылы 18мамырда Семей облысы,Бесқарағай ауданы, Сосновка ауылында дүниеге келді.Кеңес армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, заңгер, профессор.Еңбек жолын Семей облысының атқару комитетінің ІІБ оперативтік уәкілі, тергеушісі, аға тергеушісі, Семей қаласы милиция бастығының орынбасары, Киров АІІБ бастығы, облысы атқару комитетінің ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары. 1982-1985 жылдары Семей облысының атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары. Жезқазған облысының атқару комитетінің ІІБ бастығы. КСРО ІІМ-нің Қазақстан және Қырзызстан бойынша ұйымдасқан қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақаралық басқармасының бастығы. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - бас тергеу басқармасының бастығы. ҚР МТК төрағасының 1-ші орынбасары. ҚР МТК Жоғары тергеу мектебінің кафедра бастығы. ҚазМЗУ кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1999 жылдан бастап «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті. Республикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күресті қолдау қорының президенті. Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің сот сараптамасы және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Генерал Кеңесі президиумының төрағасы болып қызмет атқарады