«Жүректен жүрекке» және «Мейірім» облыстық акцияларының қорытындысы шығарылды

Бүгін облыс әкімі Д.К. Ахметовтың қатысуымен дөңгелек үстел форматында «Жүректен жүрекке» және «Мейірім» қайырымдылық акцияларының қорытындысы шығарылды.

Дөңгелек үстелге меценаттар мен демеушілер, балалар үйі мен мектеп директорлары, мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ «Мейірім» акциясы шеңберінде пәтер алынған балалар үйінің түлектері шақырылды.

Облыс әкімі меценаттардың балаларымыздың бақытты балалық шағына жағдай жасауға атсалысуының маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында білім басқармасының басшысы Жумадилова Сайрангүл Ахметкаримовна акцияның барысы туралы есеп берді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды қолдауға бағытталған «Жүректен жүрекке» акциясы ағымдағы жылы 9 ақпан және 31 мамыр аралығында жүзеге асырылды. Акция шеңберінде сайтқа 2333 бала ізгі тілектері жазылған хаттарын салды, оның ішінде 2099 бала аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан.

Ең жиі кездесетін тілектердің ішінде киім, аяқ киім, кітаптар, ойындар, велосипед, шаңғы, мектеп жабдықтары болды. Ерекше тілектер де болды, мысалы отбасында 4 бала бар Елена есімді қыз кішкентай сіңлісіне бесік арба сұрады, ол анасының еңбегін жеңілдеткісі келген екен. Оның тілегі сол күні орындалды.

Әр баланың тілегін демеушілер орындады, оның ішінде зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шаруа қожалығының басшылары, кіші және орта кәсіпорын басшылары болды.

Төрт жылдың ішінде 8404 тілек орындалды.

«Адамдар жай ғана жақсылық жасауға дайын екенін білу қандай керемет. Мейірімділік көрсету қажет қой. Және біз сияқтылар көп. Жасаған жақсылығың шынымен өзіңе қайтып келеді», – деп өз пікірін білдірді Глубокое ауданының зейнеткері Соловьева Татьяна Евгеньевна. Ол өзі Роман есімді 15 жасар немересінің қамқоршысы және акцияның басынан бастап оны жүзеге асыруға атсалысып келеді.

Сонымен қатар, «Мейірім» акциясының қорытындысы шығарылды, оның шеңберінде 2011 жылдан бастап 729 жетім бала пәтерге ие болды, бұл акцияға дейін алынған пәтерлер санымен салыстырғанда 721 пәтерге көп.

Белсенді патронат кәсіпорындар ішіде «Казцинк» ЖШС, облыстық сот, ШҚО сот кеңесі, ШҚО статистика департаменті, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ филиалы, Халық банкі, Қазпошта, «Өскемен водоканал» МКК, «Фирма НКГ» ЖШС, «УМЗ» АҚ, емханалар, Глубокое, Зырян аудандарының мектептері бар, олар қаражат аударып қана қоймайды, балалар үйімен белсене қызмет жасасады, өз қамқорлығына алған балалармен үнемі байланыста болады және оларға балалар үйінен шыққаннан кейін де қолдау көрсетеді.

Кәсіпорын қызметкерлері өз еріктерімен жылына бір рет бір күндік еңбек ақыларын қамқорлығындағы балалардың «Жилстройсбербанк» АҚ-тағы есепшотына пәтер алу үшін аударады. Аударылған қаражаттың сақталуы мен мақсатты қолданылуына кепілдік балалар үйі, патронат кәсіпорын мен банк арасында жасалған қосымша келісім арқылы қамтамасыз етіледі.

Дөңгелек үстел отырысына Сүлейменова Ғалия қатысты. Статистика департаментінің ұжымы ол Балалар ауылында тұрған кезде өз қамқорлығына алды. Бірнеше жылдар бойы қызметкерлер оның «Жилстройсбербанк» АҚ-тағы есеп шотына қаражат аударып қана қойған жоқ, мамандық таңдауға да дайындады. Колледжді аяқтағаннан кейін Ғалия департаментке жұмысқа тұрып, өзіне пәтер сатып алды. Ол Департамент пен Балалар ауылы қызметкерлерінің көмегімен табысқа жету оқиғасымен бөлісті.

Акцияның жүзеге асырылуы барысында 2000 бала 1800 кәсіпорынға бекітілді. Балалардың есеп шотына 300 млн. теңге аударылды.

Республикамыздың өзге өңірлерінің өкілдері де, шетел мамандары да акция маңыздылығын атап өтті. «Мейірім» акциясы Қазақстанда жүзеге асырылатын 17 үздік әлеуметтік жобалардың қатарына кірді.

Бүгінгі таңда өңіріміздің тәжірибесі бүкіл Республикаға таратылды.

Кездесу аяқталған соң әкім меценаттарға алғыс хаттар табыстап, Ғалияның жаңа пәтеріне теледидар сыйлады.

31 мая 2019 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21