«Тәуелсіздіктің төл құрдасы болу сезімі өте тамаша»

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 дүние есігін ашқан нәрестелер бүгінде нағыз тепсе темір үзетін 25 жасқа келіп отыр. Егеменді ел құрдастары Қазақстан тарихы басталған тұста туылғандарын мақтан тұтат. Сондай замандастарымыздың қатарында Ақтөбедегі талабы таудай, алға қойған мақсаттары зор тәуелсіз еліміздің құрдасы Құпжанов Мерей Ерсайынұлы 1991 жылдың 20 желтоқсанында Ақтөбе облысы Қобда ауданына қарасты Егіндібұлақ аулында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 2013 жылы филолог/құжаттанушы мамандықтарын игеріп шықты. Содан кейін магистратураны Ресей Федерациясының Уфа қаласындағы М.Ақмолла атындағы БМПУ оқу ордасынан тәмамдап, лингвомәдениеттанушы мамандығын үздік дипломмен бітіріп шықты. Дәл сол жылы РФ Қазан қаласындағы Қазан Федералды университетінің Филология және мәдениетаралық байланыстар институтына аспирантураға грантқа түсті. Қазіргі таңда филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Р.Жамалетдиновтың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертация жазып жатыр.
Облыстық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға біршама қатысып, жүлделі орындар иегері. Қоғамдық іс-шараларға да студенттік шағында көп араласқан. Досы екеуі "Жас Күш" атты жастар қоғамдық бірлестігін құрып, бірқатар оң шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болды, облыс әкімі жас ұйымды «Жылдың үздік бірлестігі» деп те таныған.
«Тәуелсіздіктің төл құрдасы болу сезімі өте тамаша. Өзім де сол бостандық таңынан кейінгі төртінші күні дүние есігін ашқасын ба, бұл сезім екі еселене түседі. Әрі ол құрғақ сезім ғана емес, барымызша соны іспен дәлелдеп бағуға тырысатынымыз анық. Бүгінде әлемде болып жатқан алаңдаушылықтардың барын ескерер болсақ, азаттық қадірі көз алдымызда арта түседі. Оның құнын түсіну мен абыройын түсірмеу біздің басты міндетіміз болуы тиіс.»

06 сентября 2016 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21