Тәуелсіздік құрдасы - Жазитова Фариза

Тәуелсіздік құрдасы - Жазитова Фариза Қамидоллақызы, 1991 жылы 2-қаңтар СҚО Тимирязев ауданында дүниеге келді. 2008 жылы Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатын тәмамдаған. Сол жылы өнер колледжінің «Драма актері» мамандығына оқуға қабылданып, аталмыш білім ордасын 2011 жылы аяқтады. Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «Көкше» академиясында «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын меңгерді.
Бала кезінен журналист болуды армандаған. Тілеген мамандығына оқуға түсе алмаса да, арманына қол жеткізу мақсатында 2011 жылдың ақпан айында облыстық «Қазақстан-Петропавл» арнасына келіп, жарты жыл тәжірибеден өтіп, телеарнаға шығармашылық топ редакторы ретінде жұмысқа қабылданды.
Осы күнге дейін балаларға арналған - «Айгөлек», әскери патриоттық «Сарбаз», «Мәслихат», бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі. Қазіргі таңда «Мәдениет тынысы», «Ғұмыр дария» бағдарламаларының және «Поэзия, менімен егіз ба едің» жобасының авторы әрі жүргізушісі. Әр бағдарламаны көрермендерге қызықты етіп, жаңа тұлғалармен таныстыруға тырысып келеді. Сондай-ақ, «Ақпарат» жаңалықтар қызметінің редакторы. 2012 жылғы «КазФонд» ұйымы өткізген облыстық БАҚ өкілдері арасындағы байқауда «Әскери патриоттық тақырыптағы ең үздік бейнебаян» номинациясы жеңімпазы. "Біздің қызмет – шығармашылықты, жан-жақтылықты, жылдам әрекет етіп, әрқашан оқиға ортасында болуды талап етеді. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, әрі мақтан тұтамын. Мақсатым: таңдаған жолымнан таймай, журналистика саласының үздік маманы болу."

01 сентября 2016 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21