Тәуелсіздік құрдасы - Мартиросян Рач

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы - Мартиросян Рач Хуршудович, 14 маусым күні 1991 жылы Ереван қаласында дүниеге келді. Қостанай облысының армян диаспорасы жастар қанатының жетекшісі болып табылады. 9 сынып бітіріп, техникалық-экономикалық колледжде "Стандарттау, Метрология, Сертификаттау" мамандығы бойынша оқуға түсіп,бұдан әрі Қостанай Инженерлік Экономикалық Университетін сол мамандық бойынша аяқтады. 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін КТК-қозғалысын белсенді түрде ілгері жылжытып жатыр. "Қазақстан-Қостанай" облыстық телеканалында жүргізуші,"Stand up Kosta", "M-show" әзіл-сықақ жобасының авторлық продюсері, облыс әкімдігі жанындағы "Жастар бастамалар орталығында" креативті сценарист болып қызмет істеді. Жоғарғы Қазақстан КВН Лигасының қатысушысы. Өсіп келе жатқан таланттарды жандандырып , балалар үйлері үшін қайырымдылықпен айналысады.

Қазақстан халықтар Ассамблеясының мерекелік медалінің иегері.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевқол қойылған ұлттық бірлік және қоғамдық келісім бойынша қосқан үлесі үшін ҚХА "Алғыс хат" пен марапатталды.

06 сентября 2016 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21