"Құрмет" орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР-ның Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Қ.О.Бітібаеваның ұстаздық тұлға

9.09.2019 күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 5 оқу ғимаратында "Құрмет" орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР-ның Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Қ.О.Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагогикалық мәртебесі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Пленарлық отырыстың модераторы ретінде халықаралық ЮНЕСКО Клубтарының вице-президенті Ғ.Б.Бектаев мырза тағайындалды. ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ә.Оспанғалиев және С.Аманжоловатындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың алғашқы баяндамасын ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева жасады. Сонымен қатар Қ.Бітібаеваның шәкірттері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор А.М.Картаева мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі Ж.С.Адильбекова баяндамаларын оқыды. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп мұғалімдері өз баяндамаларын оқып, арнайы сертификатпен марапатталды. Конференцияның екінші бөлімі Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында өтті. Конференцияның екінші бөлімінде 5 секциялық отырыс болып, 96 баяндама оқылды. Бітібаевтар әулеті атынан "Ханшатыр" мейрамханасында ас берілді. Асқа Қазақстандық халықаралық ЮНЕСКО Клубтарының вице-президенті Ғ.Б.Бектаев, Білім басқармасының басшысы С.А.Жумадилова, ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген, "Шығыс"өңірлік орталығының басшысы М.Ы.Асанова қатысып, жүрек жарды тілектерін білдірді.








09 сентября 2019 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21