КӨП БАЛАЛЫ ЖАНҰЯЛАРҒА  ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ / ОКАЗАНА ПОДДЕРЖКА МНОГОДЕТНЫМ СЕМЬЯМ

Зайсан аудандық сотының ұжымы 1 маусым балаларды қорғау күніне орай Қаратал ауылдық округіндегі және Зайсан қаласындағы көп балалы мүмкіндіктері шектеулі отбасыларға өз қолдауларын көрсетті.

Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды балдай тәтті кезең. «Балалық шағың, патшаның тағы» деген нақыл сөз бекерге айтылмағандай. Балалар әр кез ата-ана мейірімі мен ізгі ниетті жандардың қамқорлығынан нәр алып өссе, олардың келешегінің нұрлы, жарқын болары сөзсіз.

Жас ұрпақтың болашағы үшін көп балалы ата-ана ауыртпалықты көтеріп, өз балаларын өсіріп тәрбиелеуде. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көп балалы-ата-аналарымыздың орны ерекше. Сот ұжымы көп балалы ата-анаға жылы сөздерін айтып, балаларға сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде көп балалы ата-аналар ерекше ықылас танытқан ұйымшыл ұжымға шексіз алғысын жеткізіп, еселі еңбектеріне толағай табыс тілесе, Қаратал ауылдық округінің әкімі Қ.Каримов осындай игі бастама балаларды қорғау күніне орай өз демеушіліктерін көрсеткен сот ұжымына «Алғыс хат» табыс етті.

**************************************************************************************************

Коллектив Зайсанского районного суда 1 июня в предверии Дня Защиты детей оказали поддержку многодетным семьям Каратальского сельского округа и города Зайсан.

Детство – самое важный и сладостный этап в жизни человека. Не зря мудрость гласит «Детство — время золотое». Если дети взрослеют ощущая доброту родителей и впитывая благие намерения окружающих, то и будущее у них будет таким же светлым и солнечным.

Ради будущего своих детей многодетные родители терпят трудности, и несмотря ни на что воспитывают своих детей, готовя их к будущим свершениям. Для подрастающего поколения многодетные родители, оставляющие свой след в истории каждой отдельно взятой сферы играют оченнь важную роль. Коллектив районного суда адресовал теплые слова благодарности и поздравления всем многодетным родителям, и раздал подарки детям.

В свою очередь многодетные родители выразил безграничную благодарность дружному и оказавшему такое особое внимание и участие, коллективу, пожелав сотрудникам суда высоких достижений в работе. Аким Каратальского сельского округа К.Каримов в свою очередь за прекрассную инициативу в День Защиты детей и за спонсорскую помощь в данном благом деле вручил коллективу Зайсанского районного суда «Благодарственное письмо».

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі / Пресс-служба Зайсанского районного суда

30 мая 2019 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21