Астанада «Тәуелсіздік тірегім» атты жастармен кездесу өтті

4 қарашада Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жас Отан» жастар қанаты Төрағасы Шахмардан Баймановтың «Тәуелсіздік тірегім» атты жастармен кездесуі өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Шара аясында Шахмардан Байманов жастармен еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айтып, жастарды ұлт тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен, ұлттың ұлы тұлғаларының ерлік істері, өнегелік өмірін негізге ала отырып тәрбиелеу арқылы олардың нақты пікірі мен тоқтамды ойын жүйелеп, отансүйгіштікке баулитын кеңестерімен бөлісті.Сондай-ақ, кездесу барысында «Сәтті қадам», «Жастар Отанға» сияқты партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндап берді.

«Халқымыздың қасиетті құндылығы – Тәуелсіздік. Қазақстанның барлық табыстарына Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілді.

Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, біз алдағы кезде де халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайта беруіміз қажет» - деп сөзін аяқтады.

Шараның мақсаты – жастарда патриотизм сезімдері мен жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, оларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.

09 ноября 2016 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21