Искаков Арнал Нагумарович

1995 жылы Семей қаласындағы № 27 орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы ҚР Ішкі істер Министрлігінің Академиясына түсті. 2000 жылы аталған оқу орнын бітірген соң , Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ішкі істер департаментінің тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалды. Жедел қызмет әрекетіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Тергеу қызметінің 40 жылдығына орай (2003 жыл, 5сәуір) мерзімінен бұрын «полиция капитаны» атағы берілді. 2004 жылы Көліктегі ішкі істер департаменті орталық бөлімінің Астана қаласы әуежайы Желілік ішкі істер бөліміне тергеуші қызметіне тағайындалды. 2010 жылы Көліктегі ішкі істер департаменті орталық бөліміне ауыстырылды.. Бірнеше рет Ішкі істер министрлігінің, Көліктегі ішкі істер департаменті орталық бөлімінің мадақтамаларымен, ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Мемлекеттіксаяси шараларды өткізу кезінде (саммит ОБСЕ)қоғамдық тәртіпті сақтаудағы көрсеткен қызметі үшін Ішкі істер министрлігі басшылығының«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен,«ҚР Ішкі істер министрлігінің үздігі» төс белгісімен, ішкі істер қызметінде 10 және 15 жыл қалтқысыз қызмет еткені үшін 3 және 2 дәрежелімедальдарымен марапатталды

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21