Айтова Жанар Жұмабекқызы 1972 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Семей қаласының № 5 мектебінде 10 сыныпты аяқтайды. Сынып жетекшілері орыс тілі пәнінің мұғалімдері Бектембаева Раиса Башанқызы, Макурсанов Мұрат Берікқазыұлы. № 5 орта мектепте оқып жүрген кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 1994 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын бітіргеннен кейін арнайы жолдамамен аталмыш оқу орнының қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қызметке орналасады. 1995-1998 жылдары қазіргі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 10.01.02- қазақ әдебиеті мамандығы бойынша аспирантурада білім алады. 2008 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Әсет Найманбайұлының белгісіз шығармаларының тақырыптық-көркемдік сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. «Алашқа атым шыққан Әсет ақын», «Әсет ақын» атты монографиялық ғылыми еңбектердің авторы. «Әлем әдебиетінің тарихы», «Қазақ тілі» оқу құралдарын жариялаған. АҚШ, Монғолия, Қытай елдерінде және Қазақстандағы ғылыми басылымдарда 50 шақты ғылыми мақалалары жарық көрген. Ата-әже, ата-ана жолын жалғастырған ұлы Рымқанов Әлішер бүгінгі күні осы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 5 сынып оқушысы. Оқушылардың Республикалық Зерде ғылыми жарыстарының мектепішілік, қалалық деңгейінде психология пәні бойынша 1 орын, облыстық деңгейде жаратылыстану пәні бойынша жүлделі 3 орынды иеленген. 9- халықаралық олимпиадада негізгі пәндер ( математика) бойынша 1 орын, 8- халықаралық олимпиадада биология пәні бойынша 3 орынға ие болған. Облыстық инттелектуалдық «Айналайын», «Ақбота» конкурстарында жүлделі 1-2 орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталып келеді. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің -20 жыдығына байланысты өткізілген «Үздік 20 сурет» акциясы бойынша үздік аталынып арнайы мақтау қағазымен марапатталған.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21