Қожахметов Қайрат Қабдешұлы

31 мамыр 1968 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1984-1988 жылы Семей тамақ өнеркәсібі политехникумы, мамандығы техник-механик. 2000-2004 жылдары Астанадағы Қазақ Гуманитарлық заң университеті. Мамандығы заңгер. Жанұялы, 3 баласы бар.

1996 жылдан бастап кәсіпкерлікпен шұғылданады. 2005 жылдан бастап «Бота» ЖШС құрылтайшысы, «Шәмшия» ш/қ төрағасы.

1998 жылдан бастап аудандық «Жігер» волейболдан ерлер командасының бас демеушісі. Команда мүшелерінің спорттық жарыстарға қатысу, оқу-жаттығу ойындарына бару, команда мүшелерінің барлық тұрмыстық материалдық жағдайларына толықтай көмектесіп отырады. 1998 жылдан бастап шамамен жылына 1 млн тенге, соңғы 3 жыл көлемінде жыл сайын 1,5 млн көмегін көрсетті. Барлығы шамаен 16 млн тенгенің көмегін көрсетіп отыр.

2009 жылдан бастап «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Ақжар, Жаңаауыл және Маңырақ ауылдарында 10 көшеге аббаттандыру жұмыстарына жүргізіп шамамен 15 млн тенге көлемінде көмек көрсетті. Соңғы жылдары аудан көлемінде өткізілетін барлық спорттық, мәдени-көпшілік шараларды ірі демеушіліктер жасап халықтың алғысын алып жүрген кәсіпкер-азамат.

Биылғы жылы Ақжар ауылында стелла және орталық саябақтағы субұрқақ және балалар ойын алаңы (карусель) жасады.

Маңырақ ауылдық округі, Бозша ауылында, Қандысу өзенінен өз қаражаты есебінен 23 млн. 500 мың теңгенің көпір салып, халық игілігіне берді.

Облыс, аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

2004 жылы «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталған.

2006 жылы Шығыс қазақстан облысы бойынша үздік салық төлеуші Грамотасымен марапатталған.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21