Ғабдуллина  Жұпар Бақтыбекқызы

1978 жылы 15 қантарда Семей облысы, Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Октябрь орта мектебін 9 класын үздік тәмәмдап, осы жылы Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжіне түсіп, 1996 жылы« домбыра» класын бітірді.1996 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына сырттай оқуға түсіп, Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінде домбыра пәнінен 1998 жылға дейін сабақ берді. 1998 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясынын« жеке ән салу» кафедрасына оқуға түсіп, 2003 жылы бітірді. 2005 жылы консерваторияның аспирантурасын үздік дипломмен бітірген. 2004 жылдан бастап Т.Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында« вокал» пәнінен ұстаз. 2007 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік Акедемиялық опера және балет театрының опера әншісі.2002жылы Астана қаласы К.Байсеитова атындағы Рспубликалық әншілер конкурсының дипломанты.2003жылы Семей қаласындағы Е.Хасенғалиевтың Республикалық әншілер конкурсының Iжүлде сыйлығының лауреаты.2004 жылыАстана қаласындағы Б.Төлегенованың II Халықаралық әншілер конкурсының дипломанты. 2005 жылы Астана қаласы Ғ.Жұбанов атындағы Республикалық әншілер конкурсының I жүлде сыйлығының лауреаты.2007 жылы Алматы қаласындағы Б.Төлегенова атындағы III Халықаралық  әншілер конкрусының III жүлде сыйлығының лауреаты .2007 жылы Баку қаласындағы Бюль-Бюль атындағы халықаралық әншілер конкрусына қатысқан .

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21