Төлеубекұлы Төлеубек Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназисының 3 «Ә» сынып оқушысы Нұрасыл Төлеубекұлы Төлеубек Туркия мемлекетінде Дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдердің ІІІ Білім және Мәдениет фестивалі аясында өткен Түркі дүниесі Білім олимпиадасынан жүлделі 1 орынмен оралды. Түркияның Шаңлы-Урфа қаласында өткен бұл білім олимпиадасына барлық түркі тілдес елдердің 600-ден астам өнертапқыш балалары мен ғылымға бет бұрған жасөспірімдер қатысты. Өнертапқыш және ғылым бағыттары бойынша 81 ел және түркі мемлекеттері өрендері бақ сынасқан білім олимпиадасында Нұрасыл Төлеубекұлының «Қай жерде болса да, өз үйім» ғылыми жобасы ең үздік деп танылып, олимпиаданың арнайы жүлдесі және 1 орын Дипломы мен Білім кубогын иеленді. Нұрасылдың «Қай жерде болса да, өз үйім» жобасы жер сілкінісі көп аймақтардағы көшіп-қону үрдісін тездету, сонымен қатар қай жерде де өзін жайлы, еркін сезінуде өте тиімді жоба жұмысы.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21