
Есепті калькулятордан да жылдам шығарып, таңдай қақтыратын оқушылар арасында 2017 жылдың қыркүйегінің 28-нен қазанның 20-сы аралығында Таиланд мемлекетінің Бангкок қаласында ментальды арифметикадан Global Association of Japanese Soroban and Mental Arithmetic ұйымдастырған халықаралық олимпиада өткізілді. №38 мектеп –лицейінен 5 «Ә» сынып оқушысы Серікқазы Дана қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлап, ел мерейін үстем етті.