СОЦИАЛОВ  ТӨРЕГЕЛДІ Төрегелді - Семей қаласындағы Экономикалық лицейді 2014 жылы бітірген. Мемлекеттік білім грантының иегері, қазіргі таңда Семей мемлекеттік медицина университетінің «жалпы медицина» факультетінде оқиды. Төрегелдінің дәрігер мамандығын таңдауы тегін емес. Бала кезінен Төрегелді биология мен экология ғылымдарын тереңдетіп оқуға көп ынта бөліп, адамдардың денсаулығын қорғау мәселесіне қызығушылық танытты. Оқушы кезінде ол олимпиадалар мен интеллектуалдық сайыстарға белсене ат салысты. 2014 жылы оқушылардың ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінде 1-орынды иеленді, сондай-ақ Мәскеу қаласында өткен бүкіл Ресейлік «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу олимпиадасында 3-орынды иеленді. Төрегелді – жан-жақты тұлға. Классикалық музыкаға қызығушылық танытады, музыкалық мектепті бітірген, домбыра мен гитара музыкалық аспаптарында ойнайды. Төрегелді мақсаттылық, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, мейірімділік және сабырлылық сынды қасиеттерге ие.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21