
Пригород жалпы орта білім беретін мектебінің 9-шы сынып оқушысы Ормбасаров Ильяс Ұлттық агенттіктің технологиялық дамуға арналған Ұлттық инновациялық конкурсына қатысып, «Шеврон» компаниясы және Британ Кеңесінің арнайы сыйлығын ұтып алды. Тағайындалған сыйлық – 2017 жылдың маусым айында Ұлыбританияға жол жүру.