Нұрмұханов Бақыт Маратұлы

1996 жылы Қалжыр орта мектебін үздік тәмамдаған. Сол жылы С.Аманжолов

атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, оны 2000 жылы үздік дипломмен аяқтап, заңгер мамандығын алған.

1999 жылы заң факультеті студенттерінің арасында өткен құқықтық олимпиадада 1-орын алып, «Жылдың үздік заңгері» атанған.    

1999-2000 жылдары университет командасының құрамында республикалық құқықтық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізген.     

2001-2005 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің аспирантурасында 12.00.08 «Қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша оқып, нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде диссертация қорғап, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған.

Диссертация тақырыбы - «Қазақстан Республикасы ұлттық қылмыстық құқығы мен халықаралық қылмыстық құқық принциптерінің арақатынасы».

Ғылыми жетекшісі – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер Қайыржанов Елеген Ізтілеуұлы.     

Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. Сонымен қатар, осы жылдан Қазақ-Америка еркін университетінде ғылыми-педагогикалық қызметте болған.      

  2003 жылы конкурс арқылы мемлекеттік қызметке түсіп, сол уақыттан бері Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының құқықтық сараптау бөлімінде қызмет етіп келеді: консультант (2003-2004); бас сарапшы (2004-2005); бас консультант (2005); сектор меңгерушісі (2005-2006); Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі (2006-2011); құқықтық сараптау бөлімінің басшысы (2011 жылдан бері).

2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне енгізілген.  

2008 жылдан бері Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының Қазақстан Республикасымен байланыс офицері қызметін қоса атқарып келеді.

2008 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының арнайы миссиясының құрамында Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауына ұзақ мерзімді бақылаушы ретінде бақылау жасаған.  

2009 жылы Германиядағы Дж. Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында білім алған.

Мемлекеттік қызметтегі және басқа да жетістіктері үшін бірқатар  мемлекеттік наградалармен марапатталған:

- «Ерен еңбегі үшін» медалі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 444 Жарлығы);

-              «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 1633 Жарлығы);

-              «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 1035 Жарлығы);  

-              «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығы).

Конституциялық құқық, қылмыстық құқық және халықаралық қылмыстық құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірнеше оқулық, түсініктеме және ғылыми мақалалардың авторы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. 

Әкесі – Нұрмұханов Марат Солтанғалиұлы (2003 жылы дүниеден озған), «Қалжыр» совхозының директоры, Қалжыр ауылдық округінің әкімі және басқа да қызметтерді атқарған.    

Анасы – Баймұратова Ғалима Қыдырханқызы, қаржы саласының маманы, зейнеткер.      

Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр: Марат Әлішер (26.02.2007) және Марат Абрар (10.10.2012).   

Жұбайы – Берқалиева Мәдина Құсайынқызы – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының заңгері.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21