Мухамеджанова Адель 2018 жылғы 30 наурызда Өскемен қаласында Республикалық І.Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. Мақсаты -жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Жансүгіров шығармаларын насихаттау, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру. Сайыс қорытындысы бойынша №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Мухамеджанова Адель І орын иеленіп, республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21