МЕЙРМАНОВ СЕРИК КАСЫМХАНОВИЧ Серик Мейрманов Жапониядағы Беппу қаласындағы Ритцумейкан Азиалық-Тынықмұхит Университетінің профессоры. Семей қаласының №3 жалпы орта мектебінің 1991 жылғы түлегі. Мейрманов С.К. 1974 жылы 2 наурызда Семей қаласында туған. Мектепті үздік бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін Семей медициналық институтына «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1997 жылы үздік бітірген. Институтты бітірген соң Облыстық клиника ауруханасында жалпы хирургия бөлімінде практикадан өтеді. 1999 жылы Нагасаки университетінің Медициналық Молекулярлық Патология факультетіне магистратураға түседі. 2004 жылы өзінің «Семейдің ядролық полигонның қалқанша безіне әсері» атты докторлық диссертациясын қорғады. 2006 жылы Нагасаки Университетінің assistant professor. 2009 жылы және бүгінге дейін Жапониядағы Беппу қаласындағы Ритцумейкан Азиалық-Тынықмұхит Университетінің профессоры және Даму және Экология департаментінің директоры Атағы: - Семей мемлекеттік Университетінің профессоры - Қазақстанның Ұлттық медициналық Университетінің қоғамға Қызмет құрметті профессоры - Халықаралық Ротари Клуб мүше құрамында - Жапониядағы Беппу қаласындағы экология мәселесі бойынша муниципалдық комитетінің құрамында - О.Кюсю медициналық даму кластер комитетінің құрамында 50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21