Лабукова Ирина Юрьевна

Ирина Юрьевна – шығармашыл, заманауи педагог, инновациалық технологияларды ілгерілетудегі лидер. Оның тәрбиеленушілерінің арасында – қалалық, облыстық, Республикалық, Халықаралықсайыстардыңжәне олимпиадаларының жеңімпаздары бар.

2005 жылы белсенді және шығармашылық, сонымен қатар мектепте ағылшын тілін жүргізуді жетілдірудегі жемісті жұмысы үшін ҚазақстанРеспубликасы  Білім және Ғылым Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2007 жылы ағылшын тілі мұғалімдерінің халықаралық сайысын (IREX) жеңіп алды, «ТЕА» халықаралық ағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында білім алды, АҚШ Алабамаштатының Университеті, «Алабамаштатының құрметті азаматы» титулын иеленді.Кәсіби сайыстарға қатысып, жеңімпаз атануда, 2013 жылы «Ағылшын тілінің үздік бейнесабағы» атты облыстық сайыстың жүлдегері болды.

Қалалық ағылшын тілінің мұғалімдері Ассоциациясының мүшесі, «Effective Activities at the English Language Lessons» Өскемен қаласы ағылшын тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі.

Ирина Юрьевнаның педагогикалық ұстанымы: «Әр бала – ғажайып, сен оны тап».

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21