Кикина Марина Ивановна

Өскемен қаласының № 20 мектебін, «Ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша Өскемен педагогикалық институтын, «Педагогика» мамандығы бойыша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдады, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен,  Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды, 5-шақыртудағы қалалық мәслихат депутаты. Ол педагогикалық ұжым қызметінде жеке бағыттылық, үздіксіздік және білім мен тәрбие бірлігі, қызметтік жақындастық, талаптардың сабақтастығы мен бірлігі, жүйелік жақындастық қағидаларын жүзеге асыратын тәжірибелі әрі сауатты басшы. Өскемен қаласының жетекші жоо-ларында педагогика, психология, шет тілі бойынша бакалавриат және магистратураның емтихандары мен диплом жұмысын қорғауында Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы болып табылады. Марина Ивановна қағидашыл, өзіне және өзгелерге талапшыл басшы. Өзгенің мәселесін тыңдап, кез келген жағдайда қол ұшын бере алады, мейірімді, әділ. Әріптестерінің, оқушылардың, олардың ата-аналарының, қоғам алдында лайықты беделге ие.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21