Дюсембаев Қизат Ануарбекович 1950 жылы 23 ақпанда Семей қаласының Бұлақ ауданында үстаздар отбасында дүниеге келген. Атақты хирург-травмотолог академик Г.А.Елизаровтың оқушысы. 1967 жылы Семей қаласындағы №5 орта мектепте 10 сыныпты бітірді. Осы жылы Семей медициналық институтының емдеу факультетіне түсіп, 1973 жылы аталған оқу орнын тәмамдады. 1973 – 1974 жылдар аралығында №1 қалалық клиникалық аурухананың травмотология саласы бойынша интернатурадан өтті. Интернатураны бітіргеннен кейін Семей қаласындағы №3 поликлиникадағы және №1 қалалық клиникалық ауруханада травмотолог дәрігер қызметін атқарды. Тәжірибелі дәрігер қызметін атқара жүріп1988 жылы «Комплексное лечение сложных повреждений голеностопного сустава» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1988 -1992 жылдар аралығында Семей мемлекеттік институтының травмотология кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 1993 жылы Семей қаласы тәжірибе – эксперименттік өндіріс орнына протездік-ортопед өнімдері бойынша директор қызметіне тағайындалды. 2001 жылы қаңтар айында 2007 жылдар аралығында ҚР Ұлттық туберкулез орталығында бөлім бақылаушысы қызметін атқарды.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21