Давлетшина Анастасия X республикалық «Жарқын болашақ» олипиадасының қорытындысы «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен 2018 жылғы 22-23 сәуірде Астана қаласы «Нұрорда» мектеп-лицейі базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне республикамыздың барлық облыстарынан 220 - ға жуық оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын олимпиадада облыстық іріктеу кезеңінен жеңімпаз атанған 15 оқушы қорғады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша: - Давлетшина Анастасия - Семей қаласы экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша марапатталды.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21