Байқуатов Дүйсенғали Ыбырайханұлы

1955 жылы 18 желтоқсаңда Үржар ауданы Елтай ауылында дүниеге келген. «Балқаш-мыс» заводының директоры, Балқаш қаласының «Құрметті Азаматы», Қазақстанға еңбегі сіңген металлург.

1972 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, 1972-74 жылдары комсомол - жастар бригадасында еңбек жолын бастады. 1974-76 жылдары Совет армиясы қатарында болып, Ленинград әскери округінің сержанттар мектебін бітіріп, старшина шенінде әскери міндетін өтеп қайтты. 1977 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетіне түсіп, 1982 жылы осы аталған институтты инженер-металлург мамандығы бойынша бітіріп шықты. Институтты бітіргеннен кейінгі еңбек жолы 1982 жылдан 1997 жылға дейін Жезқазғанда конвертордың жұмыскерлігінен басталып, мыс зауытының басқарушылығы аралығында өтті. Ол сол зауыттың цехтарында әр түрлі қызмет атқарды: мастер, участок басқарушысы, бөлімше бастығы, бас металлург те болды. Барлық қызметке үлкен жауапкершілікпен қарап, іскерлік көрсетті. Сондықтан 1997 жылы ол Балқаш кен-металлургия комбинаты мыс зауытының директоры болып тағайындалды. Онан кейін Балқаш кен-металлургия комбинаты директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1999 жылы ол Балқаш қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Ал 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап, Дүйсенғали Ыбырайханұлы «Балқаштүстіметалл» ӨБ Балқаш мыс зауытының директоры қызметін атқарады

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21