Байканов Эльдар Марватжанович

1964 жылы 14 тамызда  Семей облысы,   Бесқарағай ауданы,   Башкуль ауылында дүниеге келді. 1971 жылы  Башкуль сегізжылдық мектебінің 1 сыныбына оқуға барып, 1979 жылы сегізжылдық білім алып шықты. 1979 – 1981 жылдары Семейдің №16 орта мектебінде оқып, оныншы сыныпты аяқтады.  1981 жылы Павлодардың индустриялық институтына  оқуға түсіп, жоғары білім алып шықты. Институттың энергетика факультетін аяқтады. 1985 жылы Семей қаласындағы «Казэлектромонтаж» кәсіпорнына  жұмысқа орналасып, учаске мастері, бас инженер қызметтерін атқарады. 1994 жылдан бастап «Казэлектромонтаж» кәсіпорнын басқарды. 2005 жылдан   Алматы қаласында АҚ «Казэлектромонтаж» президенті қызметін атқарады.  20.12.2010  жылдан бастап  ЖШС «Башкуль» құрылтайшысы болып табылады. Атқарған ерен еңбектері үшін мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. «Құрметті энергетик» атағына ие болып, Қазан қаласының 1000 жыл толуына арналған  медальмен наградталды.

Әкесі Байканов Марватжан - мектепте ұстаз боп және оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Анасы Байканова Рая – мектепте ұстаз қызметін атқарды.

Қазіргі күні ардақты  зейнеткерлер, Семей қаласында тұрады.

Байканов Эльдар Марватжанович  - үйленген, 4  қыз тәрбиелеп отыр. Алматы қаласында тұрады.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21