БОРИС ТИМОФЕЕВИЧ АДИАНОВ

БОРИС ТИМОФЕЕВИЧ АДИАНОВ 1949 жылы туған. Білімі жоғары, Жамбыл технологиялық институтының Семей филиалын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 1971 жылдан бастап Семей силикат кірпіш зауытында инженер-механик, бас механик, бас инженер болып жұмыс атқарған. 1993 жылы «Силикат» акционерлік қоғамының Президенті болып сайланды. 2006 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Семей силикат зауыты қаламыздағы және Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы өндіріс, азаматтық, мәдени-әлеуметтік объектілердің көбі силикат кірпіштен салынған. Зауыт өнімдерінің мосқал бөлігі Қазақстанның және Ресейдің түкпір –түкпіріне жеткізіледі. Ал түсті металлургия кәсіпорындары және алтын өндірушілер әктасты өз технологияларында пайдаланады. Зауыттың ұжымы шығармашылықпен жұмыс істей отырып, бір-біріне қайырымдылық жасауға да дайын. Директорлар кеңесі, инженер-техникалық қызметкерлері жаңа технологиялар енгізу- мен бірге еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешу барысында үнемі шығармашылық ізденісте. Қазіргі жетістіктерге жету үшін зауыт ардагерлерінің қажырлы еңбегін ұмытылмайды.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21