Ахмет Уәлханұлы Тоқтабай

1953 жылы 20 қаңтарда  Сайхан ауылы, Қаратал ауыл советі, Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1969 жылы Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін ҚазГУ-дың тарих факультетіне оқуға түседі. 1974 жылы «археология және этнология» мамандығы бойынша бітірген соң, Мәдениет минстрлігіне қарасты тарихи-сәулет ескерткіштерін зерттеу, қайта қалпына келтіру жөніндегі «Қазпроектреставрация» институтында кіші ғылыми қызметкер, соңынан аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Институтта жұмыс істеген жылдары (1974-1985) Қазақстанның түкпір-түкпіріне экспедицияға шығып, көптеген тарихи ескерткіштердің тұрған орнын, тарихи маңызын саралап мәдениет үрдісінде алатын орнын көрсетті. 1985 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтына ауысып этнология бөлімінде қызмет істеп келеді. Зерттеушінің ең басты еңбегі кең тынысты кемел құлашты, 27 жылға жуық уақытын арнаған «Қазақ жылқысының тарихы» энциклопедиялық кітабы жарыққа шығысымен республика жұртшылығынан, шетелдерден  жоғары бағаланды. Қазіргі кезде кітап орыс, ағылшын тілдеріне аударылуда. «Қазақ тазысы» зерттемесі бұл тақырыпқа жазылған оқушылардың ойы мен ділінен шыққан сахара мәдениетін тұлғалауға арналған кесек еңбек. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Тоқтабай 300 –дей ғылыми-көпшілік мақала, 4 монография, 2 жоғарғы оқу студенттеріне арналған көмекші құрал, балаларға арналған 7 кітапшаның авторы. Біраз еңбектері АҚШ, Германия, Италия, Англия, Ресей, Түркия, Қытай елдерінде жарық көрген. Жұбайы Бахыт Алибаева медицина ғыл.кандидаты, доцент. Ұлы Батырлан банк қызметкері, қызы Айгерім қаржы қызметкері

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21