Ахметова Аружан Қаңтар айының 3-7 аралығында жалпы пәндер бойынша Өскемен қаласында Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған, мамандандырылған мектепте республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, дамыту, қолдау. Қазақстан тарихы пәні бойынша қалалық кезеңнен 1 орын алған № 27 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ахметова Аружан облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Облыстық кезеңнің қортындысы бойынша мектебіміздің оқушысы қаламыздың гимназия, лицейлерінің ішінен топ жарып Қазақстан тарихы пәні бойынша 2 орынды иеленіп, Шығыс Қазақстан облысы өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығының дипломымен марапатталды. Аружанның жетекшісі жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Амантайқызы Кемербаева.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21