Андрей Владимирович Карпович Оқу орыннының атауы: Семей қаласының «№20 ЖОББДОМ» КММ. Бітірген жылы: 1992 жыл. Андрей Владимирович Карпович – «Ордабасы» ФК жартылай қорғаушысы. Футболшы 1981 жылдың 18 қаңтар күні КСРО, Қазақ КСР, Семей қаласында дүниеге келді. Сонымен қатар, Андрей, Семей футболының тәрбиеленушісі болып табылады. Өзінің футболдағы жолын 1988 жылы «Елім-ай» ФК-на(Семипалатинск) өнер көрсетуден бастады. Одан ары Қазақстандық «Иртыш» (Павлодар), «Кайрат» (Алматы) клубтарында ойнады. 2002 - 2003 жыл аралығында ресейлік «Ростов» ФК құрамында ойнады. Сондай-ақ, 2007-2008 жылдары мәсукеулік «Динамо» ФК жейдесін киді, бірақ, негізгі құрам ойыншысы болған жоқ және 2009 жылдың ақпан айында Крапович «Динамо» клубынан, Астаналық «Локомотив» ФК –ауысып кетті. Андрей 2010 жылы «Ақтобе» ФК үшін ойнаса, сол жылдың желтоқсан айында 2 жылға келісім-шартқа отырып, «Локомотив» ФК құрамына ауысты. 2012 жылдан бері жартылай қорғаушы, «Ордабасы» ФК жейдесімен өнер көрсетуде. Сонымен қатар, 2000 жылдан бері футолшы, Қазақстан құрама командасының ойыншысы болып табылады. 2004 жылдың 8 қыркүйегі күні Андрей Қазақстан құрамасы үшін алғашкы голын соқты.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21