Айтбаева Жанар Ашманқызы

«Ұлытау төріндегі ұлағатты әңгіме» Т.Ы.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлытау төріндегі ұлағатты әңгіме» атты тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлытау төрінде айтқан ұлағатты» сұхбатын әңгімелеу арқылы, өскелең ұрпақты, ұлттық санасын қалыптастыруға, ұлттық рухтарын асқақтатуға, Қазақстандық патриотизм – Тәуелсіздікті сақтап, нығайта беру үшін жауапты екендерін сезінуге тәрбиелеу. Елбасымыздың құнды сұхбатынан, өнегелі істерінен тәлім алуы арқылы адамгершілікке, тазалыққа, қайырым мен мейірім сияқты көптеген адами қасиеттерге тәрбиелеу. Осы орайда өткен www.kazustas.kz cайтында өткен «1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған республикалық«Ең үздік класс сағаты» атты сырттай сайыста 5 «В» сыныбыныңсынып жетекшісі Айтбаева Жанар Ашманқызы І орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. Әріптесімізді үлкен жетістігімен құттықтаймыз, шығармашылық шыңдардан көрінеріне беруіне тілектеспіз!

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21