Абыканова Бакытгуль Толыбековна

Абыканова Бакытгуль Толыбековна  1967 жылы 12 желтоқсанда  Шығыс қазақстан облысы,  Аякөз қаласында дүниеге келген. 1985 жылы  Аякөз қаласындағы № 58 орта мектепті  алтын медальмен бітірген.

  1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (КазГУ)  физика факультетіне түсіп,   1990  жылы аталған оқу орнын  үздік бітірді.

 1990-1994 ж.ж.  Жоғары энергиялы физика институтында инженер-физик болып жұмыс жасады.

1992-1995 жылдары  Ғылым Академиясында «Физика» мамандығы бойынша  аспирантурада  оқыған.

1994-1996 ж.ж.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық университетінің  (ҚазҰУ) физика кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.

 1995-2007 ж.ж. Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының физика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы,  доцент  лауазымында қызмет жасады.

2005 жылы профессор Ж.А.Қараевтың жетекшілігімен физика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

  2007 жылдан бастап, осы уақытқа дейін  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қауымдастырылған профессор лауазымында қызмет жасайды.

2010 жылдан бастап Физика және техникалық пәндер  кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21