Абралина Шолпан Шағатайқызы Абралина Шолпан Шағатайқызы, 1961 жылы дүниеге келген. № 27 орта мектептің 1976 жылғы түлегі. 1983 жылы Полтава медициналық стоматологиялық институтын бітіргенннен кейін Семей қаласының балалар стоматологиялық клиникасына жолдма алды. 2002 жылы ол кандидаттық диссертацияны қорғады, доцент атағы берілді. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін 2006 жылы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағын берді. «Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан стоматологиялық Қауымдастық Кеңесінің Президиумының мүшесі, Семей қалалық филиалының төрағасы. 2010 жылы «Стоматологиядағы ерен еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы «Еңбек сіңірген тіс дәрігері» атағы берілді, 2009-2010 жылдары ол Семей қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық бағдарлама «Сау күлкі» акиясын ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін қоғамдық бірлестігінің «Спешиал Олимпикс» Алғыс хатымен марапатталды. Шолпан Шагатаевна медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша денсаулық сақтау қызметінінің ҚР тәуелсіз сарапшысы. Хиросимадағы (2003)., Стокгольмде (Швеция, 2008), Сингапурде (2009)., Стамбулда (Түркия, 2013) өткен Халықаралық стоматологиялық Конгресстеріне қатысты. 2011 жылы Қазақстан Стоматологиялық қауымдастығы төралқасының шешімімен «Қазақстан стоматологтар қауымдастығының еңбек сіңірген стоматологі» атағы берілді. 2012 жылы ол «Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті ғылыми-зерттеу жұмысының үздік оқытушысы» болды. МЖӘ 2012-2013 оқу жылының рейтингі бойынша «Ең үздік кафедра меңгерушісі» дипломымен марапатталды.
01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21