Каримов Дархан Жеңісбекұлы Хабар 24 кz телеарналарында жүргізуші.

Каримов Дархан Жеңісбекұлы

Каримов Дархан Жеңісбекұлы 1981 жылы 28 cәуір айында Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1988 жылы  Октябрь орта мектебіне бірінші сыныпқа барып, 1998 жылы жақсы аяқтаған. 2000 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, қызыл дипломмен бітіріп шықты. 2007 жылы Павлодар қаласындағы  С. Торайғыров атындағы ПМПИ-да  “Зороастризм діні және оның көшпенділер дүниетанымындағы көрінісі ” тақырыбында магистрлік диссертация қорғап,  қызыл дипломмен аяқтады. Қазақстан телеарнасында “Сарбаз” бағдарламасының редактор-жүргізушісі болып қызмет атқарды. “Мирас” бағдарламасының редактор-жүргізушісі болған, қазір Хабар, 24 кz телеарналарында жүргізуші.