Мектептердің оқиғалары Кейін

Октябрь 16

Қазан айының қонағы, Шемонаиха қаласы тарихи-өлкетану мұражайының директоры, «Гарусинка» фольклорлық тобын құрушы және жетекшісі, Шемонаиха ауданы достық Үйіндегі Белорус этномәдени ұйымның жетекшісі Дубинчик Наталья Георгиевнаның БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (2017-10-19 11:00:19)

Алтай тауларының етегінде, Шығыс Қазақстанның ең көне ауылдарының бірі кеңінен көсіліп Шемонаиха жатыр, ол 1961 жылы қала мәртебесін алған болатын.

Бұл Уба өзенінің жағалауында орналасқан, өндірісі, ауыл шаруашылығы дамыған, табиғаты әсем, мәдениеті жоғары деңгейдегі заманауи, әдемі қала. Осы өлкеде атақты «Тени исчезают в полдень» және «Вечный зов» шығармаларының авторы, кеңестік әдебиеттің классигі Атанатолий Иванов туып, өскен.

Шемонаиха топырағының бай да сан түрлі тарихымен Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағат пен құжаттама басқармасы Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайында танысуға болады. Аталған мұражай құрылған күнінен бастап нақты уақыт аралығында ауданның қоғамдық және мәдени өмірінің негізгі орталықтарының бірі болып табылады.

20 жылдан астам мұражайдың жетекшісі, өз ісінің шебері   Наталья Георгиевна Дубинчик болып табылады, ол еңбек жолын қарапайым экскурсия жетекшісінен бастаған болатын.

Кеңес үкіметі құлдырағанан кейінгі жылдары 1995 жылдан бастап мұражайды жабу туралы мәселе туындаған болатын. Наталья Георгиевна өзінің әріптесі - экскурсия жетекшісімен екеуі ғана қалып, мұражайды сақтап қана қалған жоқ, ғимараттың аумағын тазалық пен тәртіпте ұстады. Аумалы-төкпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, мұражай қызметкерлері жақсы жетістіктерге қол жеткізді. 2004 жылы олардың еңбектері мәдениет Министрлігінің «Қазақстан Республикасы мұражай істерінің дамуына қосқан үлестері үшін» Құрмет қағазымен аталған болатын.

Наталья Георгиевна Барнаул қаласында өткен «Алтай мен іргелес жатқан аймақтардың этнографиясы» атты ғылыми-практикалық конференциясына үш мәрте қатысқан. Ол бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыс мұражайларымен, Шемонаиха ауданының шығармашыл зиялы қауымымен ұдайы қарым-қатынаста, жергілікті суретшілердің сурет көрмелерін ұйымдастырып отырады және бастауын 1992 жылдан алған  Шемонаихадағы Гребенщиков оқулары дәстүрін жалғастырушы болып табылады.

Дубинчик Н.Г. «Шемонаиха. Материалы, документы, иллюстарции» кітабының, сонымен қатар, «ЛЗ сегодня», және «Уба информ» жергілікті газет беттерінде ұдайы жарияланып тұратын өлкенің тарихы мен мәдениеті, мұражай өмірі жайлы бірқатар мақалалардың авторы болып табылады. 2014 жылы ол «Предметы правословного культа в фондах Шемонаихинского историко-краеведческого музея» атты каталог дайындап шығарған.

15 жыл көлемінде мұражайда құрушысы және жетекшісі Н.Г.Дубинчик болып табылатын «Гарусинка» фольклорлық тобы жұмыс істейді. Аталған ұжым аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың ұдайы қатысушысы. Олардың ішіндегі ең танымалдары Шығыс Қазақстан облысында және Алтай өлкесінде өткен «Беловодье», «Алтай -традиции и слава», «Я горжусь, тобой Алтай» фестивальдері.

Сонымен қатар, Наталья Георгиевна Шемонаиха ауданы достық Үйіндегі Белорус этномәдени ұйымының жетекшісі. Ол бұл ұйымда жұмыс жасай отырып, белорус халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен тұрмысын дамытуға үлкен үлес қосты.

Наталья Георгиевна қауырт жұмыс пен мазмұнды өміріне қарамастан мейірімді ана, қамқор әже.

Наталья Георгиевнаның нақты уақыттағы қызығы болып оның немересі Ярослава табылады.

Талантты адам - қай жағынан алсаң да талантты деген халық даналығы бар. Наталья Георгиевна қол өнерімен де айналысады, «Гарусинка» ансамблінің барлық костюмдері оның эскиздері бойынша тігілген. ХХ ғасырдың 60 жылдары поэзиясын жақсы көреді - Евтушенконы, Рождественскийді, Вознесенскийді. Сурет өнерін жаны сүйеді.

Көздеген мақсаттарға қалай жетуге болады, өз жерін, халқын қалай сүюге болады, өнер адамы қандай қасиеттерді меңгеру керек, сонымен қатар, әдемі де сүйкімді әйел болып қалуға болады, патриот болу деген не және осы сезімдерді өзгелердің жүрегіне қалай ұялатуға болады?

Облыс оқушылары осы және басқа да сұрақтарға жауаптарды қазан айының Қонағы Н.Г.Дубинчиктен 2017 жылғы 19 қазан сағат 11.00-де өткізілетін онлайн режіміндегі кезедесу кезінде ала алады, қосылуға арналған сілтеме: https://meet.lync.com/bilimvko/uovko/BJ8GL1YB.