Мектептердің оқиғалары Кейін

Май 31

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясының қорытындысы (2017-06-01 13:55:37)

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасымен 2017  жылғы 1 наурызда басталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы 1 маусымда – Балаларды қорғау күнінде мәреге жетті.

Акцияның мақсаты – ШҚО-да тұратын ата-анасы мүгедек, табысы төмен, аз қамтылған отбасынан,  қамқоршысы атасы, әжесі, басқа да қорғалмаған санаттағы тұлғалар болып табылатын қамқоршы, көп балалы отбасынан  шыққан ерекше білім беру қажеттілігіне мұқтаж балалар мен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру, әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және оның жүзеге асуына олардың ортақтасуы болып табылады. Акцияның аясында аудандық және қалалық білім бөлімдері балалардың 2005 тілек хатын қабылдаған. Өтініштердің  барлығы облыстың коммерциялық және басқа да ұйымдардың, жеке тұрғындардың белсенді демеушілік көмегі арқылы жүзеге асты. Акцияның жүзеге асуына білім беру мекемелерінің қызметкерлері де өз үлестерін қосты.

Демеушілер қатарында шаруа қожалықтары, орта және шағын кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер аз болмады. Кейбірі белгісіз болуды қалады.

Облыстағы жүрегі мейірімге толы тұрғындардың арқасында кішкентай шығысқазақстандықтардан келіп түскен тілек-хаттардың барлығы орындалды. 

1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекеде сол жағалауда орналасқан этносаябақта акцияның қорытындысы шығарылды. Меценаттықты қолдап, әлеуметтік құрмет көрсету мақсатымен ШҚО білім басқармасы белсенді демеушілерді алғыс хаттармен марапаттады.

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы балалардың тілектерін орындауға барынша қолдау көрсеткен, жүректің жылуын, қуанышты, үмітті сыйлаған барлық демеушілерге алғысын білдіреді.