Мектептердің оқиғалары Кейін

Май 22

Далалық оқу жаттығу жиыны (2017-05-15 10:00:59)

2017 жылғы мамырдың 15-і   мен  19-ы аралығында  Аягөз  ауданында 5 күндік дала жиыны өткізілді.  Далалық оқу жаттығу жиынында әскери жетекшілерге қосымша, дене тәрбиесінің пән мұғалімдері қоса жіберіліп, қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Қауіпсіздік ережелері әр оқушыға жеткізіліп, таныстырылды.   Оқушылардың 90 пайызы  әскери  қызметке  қызығушылық  танытқаны  анық.

Оқушылардың қауіпсіздігі және іс-шаралардың өткізілуі әр мектептің директорларына және әскери жетекшілеріне жүктелді. ҚСЛЛ өмірі мен іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының ҚК Жарғыларының талабына сай бекітілген күн тәртібі мен сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырылды. Әскери-далалық жиынына барып-қайтуына және жиын кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, атыс қаруларының материалдық бөлігінің сарамандық-тәжірибелі тұрғыда оқытылуына, жасөспірімдердің тактикалық саптық дайындық бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударылды. Әскери  казармалармен, асханамен, әскери  техникалармен танысу, тағы  да  басқа  іс-шаралар  өткізіліп, оқушылар   тәжірибе жинақтап қайтты. Әскери полиция  бөліміндегі  кинологтар  жұмысымен  таныстырылды. 5 күндік дала жиыны 10810 және 97616 әскери бөлімдерінің базаларында және  әскери  полиция  бөлімінде өткізілді. Дала жиынына жалпы 360   оқушы қатысты, 410 қыз  бала алғашқы медициналық көмек көрсету әдістемесін тәжирибе түрінде көрсету іс-шарасына  қатысты.

12 оқушы денсалықтарына байланысты және себепті жағдайлармен дала жиынына және  10 қыз балалар   алғашқы медициналық көмек көрсету әдістемесін, тәжірибе түрінде көрсету іс-шарасына  қатыса  алмады. Дала жиыны оқушыларға әскери қызметтің маңызы, патриоттық сезімдерінің қалыптасуына үлкен әсер етті. Осы іс-шараны өткізуге ат салысқан қорғаныстар істері жөніндегі біріккен бөлімінің, әскери  полиция бөліміне, 10810 және 97616 әскери бөлімдерінің, орталық аурухананың басшылығына айтар алғысымыз шексіз.