Мектептердің оқиғалары Кейін

Май 16

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы білім беру мектеп жағдайында арнайы білім беруді ұйымдастыру» семинар тренинг (2017-05-17 09:00:04)

2017 жылдың 17 мамырында Өскемен қаласы «№15 орта мектебі» КММ базасында «Мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы білім беру мектеп жағдайында арнайы білім беруді ұйымдастыру» семинар тренингі өткізілді.

Іс-шараға облыстағы   инклюзивті мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты.

Семинар мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үшін жан-жақты кедергісіз ортаны құруға қатысты мәселелерді шешу стратегиясын әзірлеу, жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар тренингте "Өрлеу" БАИ психологиялық-педагогикалық  кәсіби дамуын сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі (Ю.Е. Кукина–п.ғ.к.) «Инклюзивті ортадағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. «№19 орта мектебі» КММ тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары (Е.Я. Бисерова) білім беретін мектеп жағдайында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеу   және оқыту жүйесімен таныстырды.

Өскемен қаласы «№15 орта мектебі» КММ мұғалімдері білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша «Мектепте инклюзивті оқытуды ұйымдастырудың жолдары», «Заманауи мектепте инклюзивті білім беру кеңістігін ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Бастауыш және орта буындағы ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін балаларға педагогикалық қолдауы» тақырыптарында іс-тәжірбилерімен бөлісті.

Семинар қорытындысында «Инклюзивті білім беру қазіргі қоғамның қажеттілігі» тақырыбында коучинг жүргізілді. Барлық семинар-тренинг қатысушыларға жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді   енгізу бойынша жадынамалар берілді.

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы