Мектептердің оқиғалары Кейін

Декабрь 26

Ай қонағы – Сүлейменова Алмагүл Төлегеновна (2016-12-23 10:00:19)

    Қазақстан Республикасының 25  жылдығын мерекелеу қарсаңында және «Ай қонағы» жобасы шеңберінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру мақсатында облыста Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Зайсан ауданы «Поэзия» театрының жетекшісі және халық театрының режиссеры Сүлейменова Алмагүл Төлегеновнамен онлайн-кездесу өтті.

    Кездесудің ұйымдастырушы – ШҚО білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған «Восток» ДО ҒЗАО МК» КММ.

    Кездесу Зайсан ауданы М.Дәуленов атындағы орта мектепте ұйымдастырылды.

    «On-line» тәртібіндегі кездесуге облыстың 15 ауданы мен қалалары мектептерінің оқушылары қатысты. Кездесу кезінде жастар театрының шығармашылық және даму жолдары, талантты режиссердің жеке өмірі мен ақындық дарыны жайлы көптеген сұрақтар қойылды.

    Кездесу барысында Алмагүл Төлегеновнаның тәрбиеленушілері өлеңдер оқып, әндер орындады, кездесу қонақтары театрдың жас актерлерінің өнерлеріне тәнті болып, рухани ляззат алды.

    Алмагүл Төлегеновна талантты жастардың бірнеше легін тәрбиеледі. Олардың арасында – дарынды балаларға арналған «Ұлы дала» халықаралық байқауының жеңімпаздары және «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты облыстық байқауының Бас жүлде иегерлері бар. Осы аталған тұлғалар барлық аудандарда осындай мектеп театрларын ашып, жеткіншіктердің шығармашылық қабілеттерін дамыту жайлы ой тастады.

    Жас актерлар оқитын Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Аманбаева Гүлжанат Мержакуповнаның айтуы бойынша мектеп  театры өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мен жеке тұлға болып қалыптасуларында басты рөлді ойнайды.