Мектептердің оқиғалары Кейін

Декабрь 07

Желтоқсан айының қонағы – ҚР мәдениет үздігі, Зайсан халық театры мен Халықаралық «ҰЛЫ ДАЛА» дарынды балалар байқауының жеңімпазы «Поэзия» жастар театрының режиссеры Сүлейменова Алмагүл Төлегенқызының ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өнерге әркімнің ақ таласы бар. Үлкен сахнада өнер көрсетіп,  көрерменнің ыстық ықыласына, шоқ-шоқ гүліне кім ие болғысы келмейді дейсіз? Бәрінің де мұндай ілтипатқа, қошеметке бөленгісі келеді.

Дегенмен ондай жетістікке жету үшін талай жыл тер төгу керек. Талантын шыңдап, кәсіби мамандардан дәріс алу керек болады.

Алмагүл Төлегененкызы тек қана дарынды; шығармашыл, талантты ғана емес жан - жақты тұлға болып табылады: ол – ардакты ана; аяулы жар; сүйікті әже.

Режиссер, елге танымал әртіс болуға қандай жолдар бар, жерін, елін сүюге, өмірін халыққа қызмет атқаруға арнаған адамның, халқының сүйіспеншілігіне бөленген, асыл ана атануға жеке басының қандай қасиеттері болуы және қандай кәсіби білімі болуы қажет?

Осы және басқа да көптеген сұрақтарға облыс мектептерінің оқушылары «Мәңгілік Ел» жобасы шеңберінде «Сыр сұхбат» жобасына қатысушы Сүлейменова Алмагүл Төлегенқызымен кездесуде жауап таба алады.