Мектептердің оқиғалары Кейін

Ноябрь 30

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні (2016-12-01 09:00:53)

Бірінші  желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.