Мектептердің оқиғалары Кейін

Ноябрь 24

Прокурормен сыр сұхбат

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсыңында, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық актіні жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 23 қарашасында «Сыр сұхбат» жобасы шеңберінде оқушылар мемлекет мүддесін: ұлттық қауіпсіздікті, қазақстандық қоғам мүддесін, ішкі саяси тұрақтылықты, ел ішіндегі экономикалық дамуды қамтамасыз етуде орасан үлес қосқан адаммен кезекті кездесуі болды.

    Қонаққа Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Таимбетов Бағбан Таимбетұлы шақырылды.

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары нақты уақыт тәртібінде, ал аудандық «Мәңгілік Ел» тәрбиелік-біліми орталықтарының қатысушылары «on-line» тәртібінде өздерін толғандыратын сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды: прокуратура қызметінің негізгі бағыттары, жетістіктері, Тәуелсіздік жылдарында прокуратурада болған өзгерістер туралы, оның жастарға деген көзқарасы, өмірлік ұстанымы, Шығыс Қазақстан жайлы пікірлерімен бөлісті.

  Кездесу кезінде Бағбан Таимбетұлы оқушыларға неге заңгер мамандығын таңдағандығы, өзінің ең басты өмірлік қағидалары, балалық шағында нені армандағандығы, өмірде өзінің қандай жетістіктерімен мақтана алатындығы жайлы әңгімелеп берді.

    Ол оқушыларға өзінің әкесі – Совет Одағының Батыры - Көмекбаев Таимбетті мақтан тұтатынын, әкесі жүріп өткен сара жол оның жақсы адам, сауатты маман болып қалыптасуына көп септігін тигізгендігін әңгімелеп өтті.

      Бағбан Таимбетұлы өмірінің негізгі қағидаларын атады: адалдық, шыншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық.

      Кездесу кезінде оқушыларды аса қызықтырған прокурордың жеке өмірі жайлы, прокурорлық қызметтің қыр-сыры, әріптестеріне, жастарға деген сыйластығы туралы әңгімелері.

      Қойылған сұрақтар барысында оқушылар оның кең дүниетанымы, қызығушылықтары, спорттың қай түрін ұнататындығы, кітап оқуға деген махаббаты жайлы білді.

      Оқушылардың «Табысты тұлға болудың жолдары» деген сұраққа Бағбан Таимбетұлы табысты тұлға болу үшін сауатты, еңбекқор, адал, тұрақты қағидаларға сүйенген тұлға болу керек деп жауап берді.

    Бағбан Таимбетовпен болған кездесу кезіндегі жылы қарым-қатынастардан, жайлы атмосферадан оқушылар жақсы әсер алды, оның адами және кәсіби қасиеттері олардың тұлға ретінде қалыптасуларына жақсы бағыт бола алады.