Мектептердің оқиғалары Кейін

Ноябрь 23

Қараша айының қонағы – Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Таимбетов Бағбан Таимбетұлы

  Бүгінгі таңда қазақстандық  прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғап қоймай, сонымен қатар, заң тұлғалары мен бүтіндей мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді.

      Прокуратура үшін мемлекеттің мүддесі – бұл ұлттық қауіпсіздікті, ішкі саяси тұрақтылықты, ел ішіндегі экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі бүкіл қазақстандық қоғамның мүддесі.

    Мемлекеттік үкіметтің тұрақты жүйесі оның барлық деңгейлерінде үздіксіз бақылау жүргізілмеген жағдайда тиімді болмас еді. Прокуратура бақылау органдарының бірі болып табылады, ол заң тәртібін бұзудың барлық жағдайында, өз бастамасы бойынша және азаматтардың арыздары бойынша да шұғыл түрде жұмыс жасайды.

    Облыс прокуратурасының немен шұғылданатындығы, прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны, прокуратураның өкілеттігі туралы, прокурор болу үшін қызметтің қандай баспалдақтарынан өту керектігі, өзін осы мамандыққа дайындап жүрген адам қандай қасиеттерге ие болу керектігі жайлы және басқа да сұрақтарға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық акт шеңберінде «Сыр сұхбат» жобасының қатысушысы Таимбетов Бағбан Таимбетовичпен кездесу кезінде жауап табуға болады.

      Бұл кездесу оқушыларға облыс прокуратурасының жетекшісін жан-жақты дамыған, тарихты, мәдениетті, әдебиетті жақсы білетін тұлға, адами қарым-қатынас кездерінде достықты бағалай алатын адам ретінде тануға мүмкіндікбереді.

    Кездесу Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79, 4 қабатында орналасқан «Шығыс» әдістемелік орталығында өтеді. Қалалар мен аудандардың «Мәңгілік Ел» тәрбиелік-біліми орталықтарында «on-line» тәртібінде өтеді.